Пікірлер

«Astana Piano Passion» Халықаралық

жас пианисттер байқауының

Ұйыймдастыру комитетіне

Құрметті байқаудың ұйымдастырушылары!

Сіздерге классикалық музыканы сүюші, музыкалық мәдени орталықтан алыс, ауылды жерде тұратын қарапайым тұрғынның ойын білу қызық болар. Мен әрқашан музыка өміріндегі жаңалықтарды бақылап отырамын. Интернеттің және Mezzo, Культура, Мәдениет телеарналарының болғаны қандай жақсы.

Байқаудың ұйымдастырылу жағынан да, шығармашылық жағынан да жақсы өткенін атап айтқым келеді.

Байқауды ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы, үлкен дайындық жұмысының жүргендігін, соның арқасында керемет нәтижелердің болғанын көрсетеді.

Біріншіден, қазылар алқасына белгілі музыканттар мен әлемге әйгілі мұғалімдер шақырылған.

Екіншіден, байқауға қатысуға өздерінің пианисттік мектептерімен танымал елдер қызығушылықтарын білдірген. Бұл жерде PR-компанияның жақсы жұмыс істегені сезіліп тұр.

Үшіншіден, байқауға қатысқан жас пианисттердің дарыны мен орындаушылық шеберлігінің барына еш күмәннің жоқтығы.

Төртіншіден, бұл байқаудың «Мәдениет» арнасынан көрсетілуі, әсіресе Мәскеу филармониясының қолдауымен, интернеттегі онлайн-тікелей көрсетілімі, ал видео-жазбаларды  www.meloman.ru желісінен көруге мүмкіндіктің барлығы.

Бесіншіден, байқау  БАҚ-да кеңінен баяндалған. Әсіресе ресейлік баспаларда музыка сыншыларының пікірлерітамаша жазылған. Өкінішке орай, қазақстандық БАҚ-ның музыкалық жаңалықтар туралы материалдары, ақпараттық және мақтау негізінде болды.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мырзаның осы байқаудың өтуіне үлкен үлес қосқанын, соның арқасында байқаудың үлкен жетістіктерге жеткенін атап өту керек.

Айтатын тілек біреу ғана: осы байқау дәстүрлі түрде өткізіліп, халықаралық тұрғыда кеңінен танымал болып, әрі қарай дами берсе дейміз.

Бір сөзбен айтқанда біз осындай танымал байқауларды жоғарғы деңгейде өткізе аламыз. Осындай байқаулардың ұйымдастырылуы, балалар мен жастардың музыкалық мәдениетінің көтерілуіне, музыкалық мамандандырылған мекемелер мамандарының жақсаруына ерекше әсер етеді.

Енді өзім алған әсер жайлы бірер сөз айтсам деймін. Мен Ю Пел Мидің ойынындағы әуенділік пен керемет шеберлігі және оның іштей зейінділігі мені таң қалдырды. Мен оның байқау лауреаты атанғанына қуаныштымын.

Солтүстік Кореяда әлемдік классикалық музыканың біртұма шығармаларын керемет орындайтын осындай дарындардың өсіп келе жатқанына қызыға қарайсың.

Бұл байқауда Ресей, Жапония, Корей Республикаларының талантты балалары жарқырап өнер көрсеткенін айтпасқа амал жоқ.

Көңілде сұрақ туындайды: біздің көршіміз-қытайлықтар қайда? Қазір оларда классикалық музыканың жанып тұрған кезі емес пе? Бұл елдің бір ғана қатысушысы аздық қылады.

Осы күндері бос уақытымда Астана қаласында өткен фестиваль-байқаудың видеожазбаларын қуана көрудемін. Бірақ, Павел Нерсесьянның концертінің жазбасы неге жоқ? Ол өте қызық бағдарламасын ұсынған болатын. Д.Мацуевтің жеке концертінің жазбасы неге жоқ?

Құрметпен Асылбек Жұмабаев.

Қызылорда қаласы



«Accordi di Astana» қауымдастық қоры Астана қаласы әкімдігімен бірге, Еуразиялық табиғи ресурстар бірлестігіне Астана қаласында «Astana Piano Passion» Бірінші Халықаралық классикалық музыка фестиваль-байқауының өтуіне демеушілік көрсеткен бағасыз көмегі үшін шексіз алғысын білдіреді. Қазіргі кезде қайырымдылықтың жоғарғы кейпі, ол біздің жас бүлдіршіндеріміздің денсаулығына, білімі мен шығармашылығына демеушілік таныту. Сіздердің бірлестіктеріңіз осындай ұлы істермен шұғылданады. Қазақстан азаматтары сіздер үшін әлеуметтік жауапкершіліктің ерекше мағынасы бар екенін жақсы біледі. Осы себеппен еліміздің түрлі аймақтарында іске асқан демеушілік жобалар бойынша, сіздер 2006 жылы 45 миллиард тенгеден аса қаржылай салым жасадыңыздар. Денсаулық сақтау,білім, мәдениет және спорт жүйелерінің дамуына, қалалар, ауылдар мен аудан орталықтарын салу, жағдайы төмен тұрғындарға көмек көрсету, сіздердің қайырымдылық істеріңіздің негізгі бағыттары. Ал, қазақ халқы өнерінің дамуына қосқан үлесіңіз осындай қайырымдылық міндеттеріңіздің ішінде ерекше орын алады. «Astana Piano Passion» Бірінші Халықаралық классикалық музыка фестиваль-байқауының ұйымдастырушылары мен Астана қаласы әкімдігі, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жан дүниесінің дамуына, өнер шыңына шарықтауына, түрлі елдермен мәдени қатынастарды нығайтуға, ұлттық мәдениет пен Қазақстанның жас орындаушыларының шығармашылығын насихаттауға қосқан зор үлестеріңіз үшін сіздерге шексіз алғыс білдіреді. Ұлы Өнердің игілігі үшін жемісті бірлестігіміздің ары қарай жалғасатынына сенім білдіреміз.


«Astana Piano Passion»

Жас пианисттердің 

I Халықаралық фестиваль-байқауының 

ұйымдастыру комитеті

Құрметті әріптестер!

Қымбатты достар!

Сіздерді байқау жұмыстарsның басталуымен құттықтаймыз!

Бұл байқау - Қазақстандағы және барлық кеңестік аймақтардағы музыкалық өнердің дамуының жаңа әрі жарқын куәсі. Ол әлемдік фортепианолық өнердің үздік дәстүрлерін жалғастыруға шақырады.

Байқаудың жаңа таланттарды табатынына, жас дарындылардың алғашқы қабілеттерінің дамуна себеп болатындығына, ұлттық музыкалық мектептердің байланысын нығайтып, шығармашылық идеяларымен бөлісетіндігіне, жас пианисттердің кәсіби шеберліктерінің өсуіне септігін тигізетіндігіне еш күмәніміз жоқ. Балалар мен жастардың рухани жан дүниесін байытуда, классикалық және академиялық музыкалық өнерді дамытумен оны насихаттауда негізгі міндеттерді шешуге байқаудың қосар үлесі зор.

Барлық қатысушылар үшін бұл байқау - өнердің шыңына жетелейтін үлкен қадам болады деп үміттенеміз.

Қатысушыларға үлкен шығармашылық табыс, тыңдаушылар сүйіспеншілігін тілейміз, ал барлық тыңдаушыларға Музыкамен және жас музыканттармен кездесу үлкен қуаныш сыйлайды деп сенеміз!

Құрметпен,

Ресей өнерінің еңбек сіңірген қайраткері,

Ресей музыкалық байқаулардың Ассоциациясы Қоғамдық кеңесінің төрағасы,

«Музыкальное обозрение» газетінің бас редакторы,

Ресей композиторлар Одағының хатшысы

А.А.Устинов

АМКР хатшылығы